Қазағым. Қайда ағып барамыз? Болашаққа жаны ашыр кім бар екен? Өз тіліміз құрып бұрады ешкім оған қой демейді. Миллиард теңгені ауаға шашып жүрсе біреулер, ал мыңдаған қазақ жұмыссыз жүр көше аралап, қала кезіп. Біреу миллиондаған ақшаға қыдырса, мыңдаған қазақ жүр толыққанды дастархан жая алмай. Шенеуніктер отыр миллиондаған айлық алып, ауылда жүр мұғалімдер 12 сағат мектепте жүріп, комиссиясына тамақ апарып. Айтыңыздаршы шенеуніктер, айына 40-60 000 орташа айлықпен комиссиясыны күтеме әлде баласын өсіре ме. Болашақ ауылдан басталады дейсіздер, ауылдың жағдайын аралап көрдіңдер ме? Қазақстанда әр адам орта есеппен 118000 астам айлық табыс табады деп статисттер жазса. Қазақстанның тең жартысына жуық жұмыссыз. Қазақ тілі қалсын орнында. Бұл біздің тарихымыз, өткен өміріміз, болашаққа бастар жолымыз. Латын тілі керек емес ешкімге. Керек емес деп мұғалімдер айтқысы келсе, жоғарыдан керек деп үгіттейді. Қазақтың өзі қазіргі таңда таза қазақша сөйлейтіндердің айырылып жатса, сіздер оған латын тілінде сөйле дейсіздер. Қазақ тілі құрыса, салт дәстүр құриды. Қазақты мәңгүрт етпеңдер. Әлде сіздер білімсіз қазақтарды көбейтіп, айтқанға көнетін мәңгүрт халық етесіздер ме? Мұнай кетіп жатыр сыртқа, байлық кетті сыртқа. Жерді бердіңдер қытайға, не пайда көрдіңдер. Сол қытай тастап кеткен жерлерді көрдіңіздер ме? Сіз қайда қарап отырсыз Нұрсұлтан Назарбаев.